Минералды шикізатты кешенді пайдалану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Минералды шикізатты кешенді пайдаланукен ішінде бағалы минералдар саны көп болады. Олардың проценттік үлестері әртүрлі. Көптеген элементтер (сирек және шашыранды) меншікті минералдар түземей, басқа минералдардың кристалдық торына кіреді. Байыту технологиясын жасағанда осының бәрі анықталып, концентратқа шығару жолдары қарастырылуы керек. Бұлармен қатар бірсыпыра металсыз минералдарды құрылыс материалдары ретінде пайдалануға болады. Осыған байланысты кенді кешенді пайдалану оны өндеу шығындарын төмендетуте мүмкіндік береді. Шикізаттан минералды мейілінше толық алуды және дайын өнімді пайдаға асыруды қазіргі кезендегі қоғам дамуының экономикалық мақсатына сәйкес қамтамасыз ететін технологиялар, техникалық кұралдар мен шаралардың жиынтығы. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>