Минералды сулардың провинциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Минералды сулардың провинциясы — ішінде минералды сулардың белгілі ассоциациялары (қоспалары) таралған аумақ. Минералды сулардың төмендегідей провинңиялары бөлінген: 1) артезиан алаптарының аниондық және катиондық қүрамдары бойынша әр түрлі, көбінесе хлоридті кальций-натрийлі метанды, азотты, күкіртті сутекті, кейде көмір қышқылды-метанды, суық және термалды сулар провинңиясы; 2) кіші провинцияларға бөлінетін гидрогеологиялық қатпарлы аймақтардың көмір қышқылды сулары провинңиясы: а) қазіргі кездегі жанартаулы аймақтардың күкіртті сутекті көмір қышқылды, көмір қышқылды және азотты-көмір қышқылды термалары мен бу араласқан өте ыстық сулары провинциясы; о) кайнозойлық вулканизм таралған аймақтардың көмір қышқылды және көмір кышқыл азопы, көбінесе суық, кейбір жерлерде термалды сулардың провинциясы; 3) ең жаңа белсенді тектоникалық қозғалыстар аймақтарындағы гидрогеологиялық массивтердің азотты, кейде азот-метанды, кремнийлі ыстық суларының провинңиясы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub