Минералды көлдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Минералды көлдер, тұзды көлдер – суының құрамы, көптеген минералды қоспалардан тұратын тұзды айдындар. Суда еріген заттардың құрамы мен сапасына қарай көлдер тұщы және минералды болып бөлінеді. Минералды көлдердің суы кермек, ащы және тұзды болады. Ауыз суға пайдаланылатын тұщы судың бір литрінде тұз 1 граммнан аспайды. Кермек сулы көлдерде 1 литрде 25 г тұз болады. Тұздылығы 25 г-нан жоғары көлдер – тұзды көлдер деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы 35 грамм, яғни бір литр теңіз суында 35 г тұз болады. Тұзды көлдерде тұздылығы кейде 200 – 300-ге жетеді. Суының тұздылығы өте жоғары болғанда Минералды көлдердегі тұз кристалданып, көл түбіне шөге бастайды. Минералды көлдер жер шарының қуаң аймақтарында (шөл, шөлейт белдемінде) көбірек кездеседі. Олар ағынсыз, тұйық қазаншұңқырларда пайда болады. Минералды көлдердегі тұз шоғыры өзен, жер асты суларының, атмосфералық жауын-шашынның көлге көптеген ерітінді әкелуінің және мол буланудың нәтижесінде жиналады. Минералдылығы жоғары суда көлдің беткі тұзды қабатының температурасы жазда 40 – 500С-қа дейін қызады. Қыста кейбір көлдердің жоғарғы қабаты – 200С-та қатпайды. Суының химиялық құрамына қарай Минералды көлдер негізгі 3 топқа бөлінеді: карбонатты (содалық), сульфатты (өте ащы), хлорлы (тұзды). Көл суларында Менделеев кестесіндегі көптеген элементтер кездеседі. Минералды көлдердің тұздық құрамы географиялық белдемділікке тығыз байланысты. Тундра белдеміндегі көл суларында , HCO3 иондары, орманды белдемде – HCO3, Ca иондары, дала белдемінде – SO4, HCO3, Na, K иондары, шөл және шөлейтте Cl, Na иондары кездеседі. Қазақстан көлдері суының минералдығы 0,075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Көл суларының 87%-ы сульфат тобына кіреді (Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сілетітеңіз, Құсмұрын, т.б.). Карбонатты (содалық) көлге – Құлынды даласындағы көлдер, хлорлы (тұзды) көлдерге – Каспий теңізі, Арал теңізі, Индер көлі, т.б. жатады. Минералды көлдер – көптеген шаруашылық салаларының (химия, тамақ өнеркәсібі т.б.) маңызды шикізат қоры. Минералды көлдерден ас тұзы, сода, мирабилит, хлорлы магний, бром қосылыстары, йод, бор, т.б. өндіріледі. Сульфатты Минералды көлдер балшығы медицинада қолданылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Минералды көлдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}