Минералдардың басқа қасиеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Люминесденция. Заттың қызусыз салқын қалпында шығаратын жарық сәулесі люминесценция (немесе жарқырауы) деп аталады. Минералдың жарық шығаруы бірнеше себептерге, мысалы, қыздыруға (флюорит), кысымға, кристалдануға, қысқа толқынды сәуленің түсуіне т. б. байланысты. Минералдың жарық беруі қараңғы жерде байқалады. Сол жарқыраудың әсерінен минерал әр түрлі түске боялған сияқты болып көрінеді.

Минералды жарықтандыруға қолданылатын қысқа толқынды сәуле катодтық немесе ультракүлгін сәуле болады. Ол сәулелердің көзі ретінде катод түтік, сынапты кварц лампа сияқты приборлар қолданылады. Бұл құбылыс тегінде кристалдың ішкі Құрылысының уақытша өзгеріске ұшырап, бірақ кейін қайтадан орнына келуіне байланысты болу керек.

Жарықтың қасиеті бар минералдарды сол қасиеті бойынша ажыратуға болады. Мысалы, шеелит (CaWO4) минералын сынапты кварц лампамен қыздырғанда, онан әдемі көгілдір жасыл түсті жарық пайда болады. Алмаз да сол сияқты қыздырғанда сарғыш көгілдір түсті сәуле шығарып жарқырайды; флюорит (СаF2) ашық кәк түсті болып жарқырайды. Құрамында ураны бар минералдар да сол сияқты өте әдемі түсті жарқыл береді. Битумды минералдар да уран сияқты. Минералдың ішінде өте болымсыз қоспа болса да, соның өзі жарқылдың түсін, түрін өзгертіп жібереді, кейде, тіпті, оны жойып жібереді. Сондықтан минералдың құрамында қоспа болу әдісі сенімді әдіс емес. Алайда көптеген жағдайларда бұл да минералдарды ажыратуға қажетті әдістердің бірі болып саналады.

Электрлік қасиет. Минералдардың электр өткізу қасиеті әр түрлі болады. Міне, осы қасиетті металл кендерін ажыратуға қолданып, электрлік барлау істерін жүргізеді. Минералды қыздырғанда оның жалыны әр түрлі түске боялады. Соған негізделген дәнекер түтік әдісі бар. Минералдардың кейбіреулерінде өзіне тән иісі болады. Осы иіс әсіресе ұрғанда немесе қыздырғанда жақсы білінеді. Мысалы, мышьякті минералдарды қыздырғанда сарымсақ иісіне ұқсас иіс шығады. Мұнай газдарында күкіртті сутек газы болса, оның иісі де айқын білінеді. Минералдардың осы сияқты ұқсас белгілері толып жатыр. Олардың бәрін түгелдеу мүмкін емес.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}