Миксобактериялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миксобактериялар (Myxobacterales) (грек. myxa – кілегей және бактерия) – таяқша тәрізді аэробты бактериялар. Қозғалыс қызметін денеден бөлініп шығатын кілегей атқарады, ол бактерияны алға қарай итереді, талшығы болмайды. Микробактериялардың көпшілік түрлерінде ядро болады және даму циклында миксомицеттердің жемісті денесі сияқты ерекше кілегейлі дене түзіледі. Көлденең бөліну арқылы көбейеді. Бұлардың негізгі туыстары: Мухососсus, Archangіum, Cystobacter, Melіttangіum, Stіgmatella, Polyangіum, Chondromyces. Бұл туыстар бір-бірінен түсі, клетка көлемі және жемісті денесі арқылы ажыратылады. Миксобактериялардың көпшілігі топырақта, көңде және өсімдік қалдықтарында сапрофитті тіршілік етеді. Суда сирек кездеседі. Басқа бактериялар сияқты, бұлардың да топырақтағы күрделі органикалық заттарды ыдыратуда маңызы зор.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Миксобактериялар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}