Микронуклеус

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:DNA Overview.png
Қос спиралтды ДНК бөлігінің құрылымы

Микронуклеус (микро және грек. nucleus – ядро) – инфузориялардың жынысты көбеюге қатысатын (генеративті) ұсақ ядросы. Инфузорияның кей түрлерінде бірнеше немесе өте көп (100-ге жуық) Микронуклеус болады. Микронуклеустерде жынысты көбеюдің алдында ДНҚ-ның екі еселенуі жүзеге асады. Сондай-ақ Микронуклеус мейоз жолымен бөлініп, төрт гаплоидты ядро түзіледі де, оның үшеуі жойылады. Ал қалған бір ядро митоз жолымен екіге бөлінеді. Оның біреуі бастапқы клетканың ішінде қалып қояды, оны стационарлы ядро деп атайды. Ал екінші ядро (орын ауыстырушы ядро) жанасып тұрған келесі дарабастың клеткасына өтеді де, ондағы стационарлы ядромен қосылып, ядросы диплоидты синкарионға (жыныс процесі – коньюгация нәтижесінде инфузорияда түзілетін ядро) айналады. Микронуклеусте РНҚ түзілмейді, ядрошық болмайды, онда тығыз орналасқан хроматиндер бар. Инфузория жынысты көбеймей тұрғанда Микронуклеус белсенділік көрсетпейді. Микронуклеус жойылатын болса, клетканың тіршілігі де тоқтайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Микронуклеус|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}