Микронезия Федерациялық Штаттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country Микронезия

Ресми атауы

Ресми атауы: Микронезия Федеративтік Штаттары. Микронезия (ежелгі гректің "микрос, несос" - "кіші аралдар" деген сөзінен шыққан) - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 702 км2. Астанасы – Паликир қаласы. Халқы 133 мың (2000 жылы). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топ арал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этнос топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы билік бір палаталы парламент – ұлттық конгресске жүктелген. Әкімшілік жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979 жыл). 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. Елде саяси партиялар жоқ. Ақша бірлігі – АҚШ доллары.

Табиғаты

Микронезия аралдары геологиялық түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың жағалауларында мәңгі жасыл бұталар, бамбук өссе, маржанды аралдарда кокос пальмалары басым. Топаралдың жануарлар дүниесі түрі жағынан да, саны жағынан да тым кедей. Жарқанат, кептерлер, қарлығаш тектес ұзын қанатты құстар кездеседі. Топаралдың батыс бөлігінің климаты – экваторлық және субэкваторлық, ал шығыс бөлігінде – тропиктік пассаттық. Айлық орташа температура 25 – 300С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500 – 4000 мм. Шығыстағы аралдарда нөсер жауындар жиі жауады. Негізгі табиғи қорлары: ағаш, фосфорит, теңіз өнімдері.

Өсімдіктер дүниесі

Аралдардың басым бөлігінде мәңгі жасыл тропиктік ормандар, жағалауларында мангур нуы , кокос пальмасы, бамбук өседі. Маржан рифтерінен түзілген аралдарда өсімдіктер аз.

Жануарлар дүниесі

Аралдардың жануарлар дүниесі өте жұпыны. Негізінен ұсақ кесіртке, тасбақа, құстардың алуан түрлері мен жәндіктер тіршілік етеді.Теңізде балық түрлері көп.

Тарихы

Микронезия аймағын адамдар б.з. 1-мыңжылдығында қоныстана бастады. Микронезия аралдарының бірқатарын (оның ішінде Каролин аралдары да бар) 1525 жылы португалдар ашты. Бірақ 1528 – 29 жылы А. Сааведраның экспедициянан кейін испандар аралдарды басып ала бастады. Аралдар 16 ғасырдың ортасынан бастап 1899 жылға дейін испандықтардың отарлық иеліктері болып келді. 1899 жылы Германия Микронезияны Испаниядан сатып алды. 1914 жылы елді Жапония басып алып, 1919 – 45 жылдары мандаттық жүйе арқылы басқарды. 2-дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңіліске ұшырауына байланысты аралдар БҰҰ-ның қамқорлығына өтіп, 1947 жылы АҚШ-тың басқаруына берілді. 1979 жылы 10 мамырда Микронезия Федеративтік штаттары болып жарияланды да, аралдарға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Ал 1991 жылы тәуелсіз мемлекетке айналды.

Экономика

Экономикасының негізгі саласы – балық аулау. Микронезия өз жағалауларында басқа мемлекеттерге балық аулау құқығын беретін лицензиялар сатудан да елеулі пайда табады. Қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан туризм нашар дамыған. Экспортқа копра, бұрыш, балық пен кокос майын шығарады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 1910 АҚШ доллар. (1997 жылы). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Countries and territories of Oceania Үлгі:Philippine Sea

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Микронезия Федерациялық Штаттары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}