Микроайналым арнасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Микроайналым арнасы (микроциркуляторное русло) — жүректамыр жүйесіндегі тым жіңішке қан тамырларының жүйесі. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары серпімді келеді және қан ағысының қысымына сәйкес өзгеріп отырады. Қызыл тамыршаның артериола қабырғасы: ішкі — интима ортаңғы —медиа және сыртқы — адвентиция қабықтарынан құралған. Қылтамыр (капилляр) қабырғасын: эндотелиоциттерден және негіздік жарғақтан тұратын — ішкі қабық, перициттер құрайтын — ортаңғы қабық және адвентициальды клеткалар мен борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған - сыртқы қабық құрайды. Құрылысына байланысты қылтамырлар сомалық, терезелі (фенестрлі), синусоидті болып үш топқа бөлінеді. Көк тамырша (венула) қабырғасының құрылысы қызьш тамыршыға ұқсас, бірақ қуысының арнасы кеңдеу келеді. Қызыл тамырша-көк тамыршалық жалғамалар терінің нағыз тері қабатында, құлақ қалқанында кобірек кездеседі. Микроайналым арнасының қан тамырлары организм мүшелерін қанмен қамтамасыз етумен қатар, олар- дағы зат алмасу процесінің толық деңгейде жүруіне атсалысады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Микроайналым арнасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}