МикроЭЕМ, микрокомпьютер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МикроЭЕМ, микрокомпьютер (микроЭВМ; microcomputer) - микропроцессор, енгізу-шығару және басқару құрылғыларының жиынтығы болып саналатын микроөлшемді есептеу машинасы. Бағасы арзан, жұмыс істеуге ыңғайлы әрі сенімді; микроэлектрониканың қарқынды даму нәтижесінде жасау мүмкіңдігі туған шағын көлемді компьютер. Микропроцессорлар негізінде жасалған шағын микрокомпьютердің екі түрін бөліп айтуға болады — құрамдас (встроенный) және дербес (персональный). Құрамдас микрокомпьютер — бір немесе бірнеше тақшада орналасқан және қандай да бір объектінің, мысалы өндірістік роботтың ішкі басқару құрылғысы ретінде жұмыс істейтін оның құрамдас блогы. Мұндай микрокомпьютерге арнайы алдын ала әзірленген программа жазылады да, одан кейін жұмыс оператордың қатысуынсыз орындалады. Дербес микрокомпьютер, әдетте, столға қойылатын нұсқада жасалады да, қажетті шалғай құрылғылармен: дисплеймен, пернетақтамен, баспа құрылғысымен, магниттік дискідегі жинақтауышпен және т.б. жарақтандырылады. Құрамдас компьютерден ерекшелігі: кез келген бағытта қолданылып, әмбебап мәселелерді шеше алады. Микрокомпьютерлердің құрамдас және дербес түрлерінен басқа, үстелдік және алып жүретін, кәсіби және тұрмыстық түрлері болады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}