Миелодисплазиялық синдромның альтернативті емдеу тәсілдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иммуносупрессивті емі

• антитимоцитарлы глобулин 40 мг/кг 4 күн (қан құюға тәуелділікті жойып, өмір сүруді ұзартады);
• циклоспорин А стандарттық 5-6 мг/кг/тәу мөлшерде 2 ай, жалпы 12 ай беріледі (жағымсыз әсерлері – нефроулы, гепатоулы, артериялық гипертензия, қызыл иектің гиперплазиясы, тремор, гиперлипидемия).

Ажыраудың индукторлары

• Д3 витаминінің туындылары (1,25-дигидроксивалин D3 аз дозада қолданады, тиімділігі дәлелденбеген. Соңғы жылдары Gemini-19-nor D3 алынған, бірақ ісікке қарсы 1000 есе әсерін тек in vitro дәлелденген),
• pетиноидтар (әдетте трансретин қышқылын 80 мг/м2 per os 7 күн апта ара және эритропоэтин 150-300 ӘБ/кг тері астына күн ара, жалпы 12 апта немесе оны цитарабинмен не FAI (флюдарабин, цитарабин, идарабицин) полихимиялық терапиясымен бірге тағайындайды),
• 5-азацитидин (75 мг/м2/тәу тері астына 7 күнге, әр 28 күнде қайталап, 4 айналымға береді),
• децитабин (45 мг/м2 3 күнге әр 6 аптада 4-6 айналымға тағайындалады).

Антицитокиндер (апоптозға қарсы ем)

• пентоксифиллин+циклоспорин А+дексаметазон (PCD) баяу жауап береді, тиімділігі дәлелденбеген.

Ангиогеназа тежегіштері

• талидомид 100 мг/тәу мөлшерден бастайды, жақсы көтерсе 400 мг/тәу дейін жоғарылатып 12 апта емдейді (ол моноциттердегі TNFa өнімін байлайды және цитокиндер өнімдерін Th 1-ден Th 2-ге өзгертеді). Талидомид улы әсер (ұйқышылдық, неврологиялық белгілер, іш қату, сусыздану, бүйрек жетіспеушілігі) көрсетуі мүмкін. Қазір оның аналогі СС – 5013 жетілдіру барысында.

Моноклондық антиденелер

• анти-СД 33 гуманизирленген моноклондық антидене және калихеаминнің уымен бірге (стандарттық химиотерапияны қажет етпейтін 60 жастан асқан науқастарға) қолданылады.

Емдеу тактикасы

Осы заманда МДС (Миелодисплазиялық синдром) емін дәлелді негіздерге сүйене отырып сарапшылардың ұсынған хаттамалары бойынша (Ұлы Британ, Рессей тобы) жүргізген жөн.

IPSS = 0

IPSS = 0 (төмен қауіп, әдетте рефрактерлік анемия және сақиналы сидеробластардың артығымен жүретін рефрактерлік анемиясы түрінде). Емделмеген науқастардың өмір сүру ортасы шамамен 5,7 жыл құрайды. Осыған байланысты бұл топтағы науқастарға дерттің тұрақты ағымында химиотерапия және ҚБЖ ауыстыру ұсынылмайды. Сонымен қатар үдемелі ағымда немесе 40 жасқа дейінгі айқын анемиясы бар науқастарда HLA-сыйымды сиблинг (сүйек миын беретін туыс адам) табылса аллогенді ҚБЖ аустырған жөн болады.
Сүйек миы аз жасушалы болғанда иммуносупрессивті ем (антитимоцитарлы глобулин, циклоспорин А) тағайындалады. Қан құюға тәуелділіктің төмен дәрежесі және эритропоэтин 200 ӘБ/л деңгейінен кем болғанда, эритропоэтин және G-CSF қосарлап беріледі. Қарт науқастарға «байқа және күт» тактикасы қолданылады. Зерттеу хаттамасы аясында альтернативті емдеу тәсілдерін (ажыраудың индукторлары, антицитокиндер, талидомид) қолдануға болады.

IPSS =0,5-1,0 (аралық-1 қауіп).

Бұл топтың 65-ке дейін жастағы барлық науқастарға қарсы көрсеткіштер жоқ және науқастардың HLA-сыйымды сиблинг барларға аллогенді ҚБЖ ауыстыру жасаған жөн. Кейбір жағдайда 40 жасқа дейінгі науқастарға туыс емес донордан аллогенді ҚБЖ ауыстыруға болады. ҚБЖ аыстыруға дейін қарқынды химиотерапия жасаудың қажеті жоқ. 65 жастан үлкен ҚБЖ доноры жоқ 65 жастан кіші науқастарға қолдау емі жүргізіледі. Альтернативті емдеу тәсілдеріннен ең алдымен антитимоцитарлы глобулин, циклоспорин А тағайындалады.

IPSS =1,5-2,0 және ≥ 2,5

IPSS =1,5-2,0 және ≥ 2,5 (аралық-2 және жоғары қауіп) 65-ке дейін жастағы барлық науқастарға қарқынды химиотерапия жүргізуге қарсы көрсеткіштер жоқ жағдайда ҚБЖ ауыстыруға үміткер ретінде қабылданады. Қарқынды химиотерапияны ЖМЛ химиотерапиялық бағдарламасы бойынша («7+3») жүргізіп, ремиссияға қол жеткізген дұрыс. 1- ремиссияға қол жеткізгеннен кейін HLA-сыйымды сиблинг болғанда аллогенді ҚБЖ ауыстыру жасалады. Егер HLA-сыйымды сиблинг табылмағанда аутогенді ҚБЖ ауыстыру, ал 40 жасқа дейінгі науқастарға туыс емес донордан аллогенді ҚБЖ ауыстыру көрсетіледі. Қауіп қатеріне байланыссыз жеке науқастың жағдайына тәуелді қарқынды химиотерапия жүргізіледі. Бұл топтағы барлық науқастарға қолдау емі жүргізілуі керек. <ref>"ҚАН АУРУЛАРЫ" Байжанова К. Т., Бекмурзаева Э.Қ., оқу құралы, Шымкент, 2010. </ref>

Дереккөздер

<references/>