Миелин қабықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миелин қабықшасы (миелиновая оболочка); (plasmolemma myelini, Үлгі:Lang-la — қабықша, myelini — миелин) — миелинді жүйке талшықтарының ортаңғы қабықшасы. Миелин қабықшасы жүйке талшықтарының біліктік цилиндрін (нейроцит өсіндісі) тікелей сыртынан қаптап жатады. Миелин қабықшасы липид (май) және протеиннен құралған. Миелин қабықшасын сыртынан нейроглия қабықшасы — неврилемма қаптайды. Неврилемма нейроглия жасушалары — леммоциттерден тұрады. Жүйке талшығындағы миелин қабықшасы созьша жіңішкеріп, леммоциттер шекараларында түйінді үзілмелер (Ранвье үзілмесі) түзеді. Қатар жатқан екі түйінді үзілмелер аралығындағы миелинді жүйке талшығының жуан бөлігін түйінаралық сегмент деп атайды. Түйінаралық сегмент (бөлік) неврилемма леммоцитгерінің шекараларында орналасып, жүйке талшықтарына қажет қоректік заттар мен оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Миелин қабықшасы жүйке талшықтары бойымен өтетін жүйке толқындарының көршілес ұлпаларға өтпеуін қамтамасыз етіп, оқшауландыру қызметін атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Миелин қабықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}