Миграциялық ток

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Миграциялық токтың зиянды ықпалын болдырмау мақсатында талданылатын электролитке бейтарап электролитті қосады және ондағы катиондардың тотықсыздану потенциалы талданылатын заттың потенциалынан гөрі едәуір теріс болуы керек. Мұндайда фондағы, яғни бейтарап электролиттегі катиондар катодтың беткі ауданында тотықсызданбай-ақ, электр өрісін қалқалай, қос электрлік қабат түзеді. Сондықтан да, зерттелінетін иондар электр өрісі әсерінен катодқа қарай ауыспайды. Олардың орын ауыстыруы тек диффузиямен ғана байланысты болады.

Фонның болуымен катиондардың тотықсыздану (немесе аниондардың тотығу) кезіндегі шекті ток (іш) фон жоқ кездегідей - кіші, ал аниондардың тотықсыздану кезіндегі (немесе катиондардың тотығу кезінде) - үлкен. Бұл бірінші жағдайдағы қосумен (іш = ім + id), екінші жағдайдағы азайтумен іш=(і(1-ім), яғни электродтағы әрекеттесетін иондардың электр өрісімен не тартыла, не тебіле әрекеттесуіне орайлас түсіндіріледі. Ал, оттек, асқын су, органикалық қосылыстар сияқты бейтарап заттар тотықсызданғанда, шекті ток шамасы өзгермейді.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}