Миастения

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Миастения (Үлгі:Lang-la; Үлгі:Lang-grc — «бұлшық ет» және Үлгі:Lang-grc — «әлсіз, қуатсыз») грек тілінен аударғанда бұлшық еттің әлсіздігі дегенді білдіреді, бұл аутоиммундық нервті-бұлшық ет ауруы. Бұлшық етпен қатар тіл, көз, ерін, мойын бөліктерінің әлсіздігі.

Миастениямен ауырған адамдар тез шаршағыш әрі күйгелек болып келеді. Бұл аурудың туу себептері: физикалық ауыртпашылықтар мен демалыс пен тыныштықтың аздығы. Аурудың басталуы 20-30 жас аралығында. Осы аурумен әйелдер көп ауырады екен.

Миастениямен ауырған кезде, адамның көзінің бұлшық еті әлсізденеді, ал бұл көз жанарының қисаюына әкеледі. Мұндай кезде асты дұрыстап шайнай алмайды, тіпті ас ішуге құлқы да болмайды. Даусы шықпай, қиналады. Аяғы мен қолы істемей, төсек тартып қалады. Егер адам тез арада дәрігерге көрінбесе онда сал ауруына ұшырайды.

Ауруды емдеу жолдары: ең алғашқы кезде өзіне ұзақ мерзімге демалыс жариялап тынығу. Дәрілерді дәрігерлердің нұсқаулығымен қабылдау керек. Егер адам қиналып кететін болса, 1-2 мл прозерин қабылдауы керек<ref>Медициналық түсіндірме сөздігі</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер