Меңдібаев Хайрулла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Меңдібаев Хайрулла (1905— 1998) - Қазақстанның карт баспагерлерінің бірі. Хайрулла Меңдібаев 1905 жылы Ақтөбе облысы Мұғаджар ауданының "Жаңа жол" ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Ал 1924 жылы Ақтөбе қаласында ашылған губерниялық совет-партия мектептің бір жылдық курсын бітіріп, Қара Қобы болысындағы "Қосшылар одағының" хатшылығы қызметіне барады. 1927-1929 жылдарда Қызылордадағы өлкелік советпартия мектебінде оқиды. 1932 жылдан бастап ол жергілікті баспасөз орындарында жұмыс істеп, алғашқы мақалаларын жариялауға кіріседі. 1941-1946 жылдар арасында екінші дүниежүзілік соғыс маидандарына қатысқан. Х.Мендібаев майданнан кайтқаннан кейін 1946-1952 жылдарда "Социалиста Қазақстан" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады. 1953 жылдан оның баспагерлік еңбегі басталады. "Қайнар" баспасында аға редактор, бас редактор ретінде ол ауыл өмірін қамтитын небір қызғылықты кітаптарды шығаруға белсене үлес қосқан. Мендібаев Хайрулла кезінде әлденеше майдангерлік медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}