Металл пайдалы қазбалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Alyuminiy.jpg
Алюминий
Сурет:Beryluj.jpg
Бериллий

Қазіргі кезде руда кенорындарынан өнеркәсіпте пайдаланылатын 70-тен аса металл айырып алынады. Металдардың өнеркәсіптік жіктемесі әр түрлі және көп, бірақ олар әр түрлі принциптерге (кейде бір жіктеменің өзінде)-қолдану бағыттары мен өнеркәсіп салаларына, физикалық және химикалық қасиеттеріне, кенорындарының таралу дәрежесіне және т.б. негізделетіндіктен көп жағдайларда шартты.


Маталдар өздерінің өнеркәсіпте пайдалану бағыттарын анықтайтын қасиеттеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:


  1. қара және легирлеуші-темір, марганец, хром, титан, ванадий, никель, кобальт, вольфрам, молибден;
  2. түсті-алюминий, мыс,мырыш, қорғасын, қалайы, сүрме, висмут, сынап;
  3. асыл-алтын, күміс, платина тобы (платина, палладий, иридий, родий, рутений, осмий);
  4. радиобелсенді-уран, радий, торий;
  5. сирек және шашыранды-литий, бериллий, рубидий, цезий, гафний, скандий, галлий, рений, кадмий, индий, талий, германий, селен, телур, тантал, ниобий, цирконий;
  6. сирекжер-лантан, церий, празеодим, неодим, прометий, самарий, иттрий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбин, тулий, иттербий, лютеций.



Халық шаруашылығында металл рудаларын өндіру мен өндеу бойынша жетекші орын алатын салалар-қара және түсті металлургия.

Қара металлургия кәдімгі қара маталдарға-темір, марганец, хром, рудасын өндіріп, өңдеумен қатар рудаларды металлургиялық өңдеуге қажет қосымша шикізат-магнезит, оттөзімді саз және т.б. өндіреді. Кейбір кеніштерде басқа салаларда қолданатын ілеспе бейметалл шикізат алынады.


Түсті металлургияда түсті металл рудаларымен қатар сирек, шашыранды және сирекжер металдар өндіріледі. Түсті металлургия кәсіпорындарында болат пен қорытпалардың арнайы сорттарын балқытып алуға қажет легирлеуші металдар да өндіріледі. Металл пайдалы қазбалар тобына кіретін радиобелсенді металдар негізінен энергетикада жоғары калориялы отын ретінде пайдаланылады.


Жіктемедегі барлық металдардың қасиеттері олардың атомдық құрылысына тікелей байланысты және олар Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде белгілі бір орын алады. Осыған байланысты жекелеген химиялық ерекшеліктері олардың әр түрлі геологиялық процестердегі сипатын анықтап, өңдеген кезде рудадан айырып алудың технологиялық сұлбасын негіздеуде және әр түрлі қорытпалар мен қосылыстар алуда белгілі рөл атқарады.


Металл пайдалы қазбалар кенорындары химиялық элементтер мен минералдар ассоциацияларынан тұрады. Олардың кеңістік-морфологиялық ерекшеліктері руданегетикалық процестерге байланысты магмалық, литологиялық-стратиграфия және құрылымдық факторлар жиынтығымен анықталады. Пайдалы қазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтерін топтаған кезде, олардың бірегей генетикалық жіктемесі пайдаланылған.