Металлокониоздар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Метал шаң-тозаңдары көп кездеседі. Олар – алюминий, сурьма, никель, титан, темір, марганец, вольфрам, тантал, хром, қалайы, церри, торий т.б. метал-шаңдардан дамитын пневмокониоздар. Бұлар өкпеге түскенде өкпеде ерекше реакция жүргізіп, жайылмалы фиброздық үдеріс тудырады. Осындай типтік реакциялар металлокониоздарға тән.
Металлокониоздар сирек кездеседі. Таза металлокониоздар едәуір баяу дамуымен және өкпе фиброзы дамуына бейімділіктің болуымен жүреді. Олардың рентгенологиялық белгілері пневмоноканиоздың I, II кезеңіне сай келеді. Кейбір металлдардың әсерінен (бериллий, мырыш, мыс т.б.) литейлік қызба (38-400С) дамиды, олар металдарды балқытқанда түзілетін металл аэрозольдерін деммен жұтқанда пайда болады. Бериллий шаңның түсімен байланысты металлоконкониозда көп мүшелерді зақымдайды (өкпеде - едәуір жөтел, ентігу; теріде – диффузды қара цианоз, дерматит, саркоидтар; буындарда - едәуір артропатиялар; РЭЖ - лимфа аденопатия, гепато-спленомегалия; тез жүдеу т.б.), оның клиникалық негізінде иммундық ауыр пневмония, гранулематоз және эмфиземамен көрінетін ерекше иммундық-патологиялық үдерістер дамиды. Металлокониоздар ішінен сидероз бен алюминоз кең түрде тараған. <ref>«КӘСІПТІК АУРУЛАР» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Умиралиева Г.А., Ибрагимова Р.Б., Садыкова Г.С., Қорғанбаева Х.Т., Байдуллаев Б.М., Азизова А.А., оқу құралы, Шымкент 2012</ref>

Дереккөздер

<references />