Меруерт Рахымбайқызы Көпбаева
Үлгі:Ғалым Меруерт Рахымбайқызы Көпбаева — филология ғылымының докторы (2010), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1972 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында туған.
Жамбыл педагогикалық институтын (1997, қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті), Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын (2002) бітірген.
1997-98 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы, 1998-99 жылдары Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ғылыми тәжірибеден өтті, 2002-12 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметтер атқарды. 2012 жылдан Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде филология факультетінің деканы.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы тарихи таным және авторлық концепция" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Зерттеулерінде Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" тетралогиясының шығармашылық мәселесі зерттеліп, ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде қарастырылған. Ұлттық әдебиеттің XX ғасырдың басындағы тарихына, көркемдік даму арналарына, жанрлық ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталып, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса сынды өнер иелерінің шығармашылықтары кеңінен талданған.
Бірнеше ғылыми еңбектердің, монография, оқу құралдарының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының жеңімпазы (2015);
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі иегері (2022).<ref>Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы.</ref>