Мерланг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мерлангнәлім тұқымдас теңіз балығы. Ол Атлант мұхитының европалық жағалауында кездеседі. Салмағы 200—700 г. Еті ақ, дәмді; оны қуыруға және бұқтыруға болады. Ақжелкен салып бұқтырылған мерланг. Тазартылған балықты сары маймен майланған қаңылтыр табаға салады (немесе терең кастрюльге). Оған үгілген ақ желкен сеуіп, балық сорпасын құяды да, сірке суы мен тұз қосып, бір сағаттай бұқтырады. Содан кейін сорпасын азайтып құйын алады да, оған қаймақ қосып, қайнауына жеткізеді, сары майға қуырылған ұн қосып, балықтың үстіне алдын-ала дайындалған соус құнды да, тағы да 15—20 минут бұқтырады. Дастарқанға қайнатыл пісірілген картоп қосып береді. 500 г балыққа: ақ желкеннің 2 тамыры, 2 стакан сорпа, 100 г қаймақ, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сірке суы, май, тұз керек.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мерланг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}