Меркі тарихи-өлкетану мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Меркі тарихи-өлкетану мұражайы, 1983 ж. қоғамдық негізде құрылып, 1984 ж. мемлекеттік мәртебе алған. Мұражай 1987 ж. жаңа екі қабатты ғимаратқа көшкен. Мұражайдың жалпы аумағы 844 м2, оның 609 м2-і, экспозицияға, 28 м2-і қорға берілген. Экспонаттардың жалпы саны 10185 дана. Мұражайдың туған жер табиғаты, археологиялық, этнография және тарихи бөлімдері бар. Залдарға қойылған жәдігерлер, Сыпатай батыр, Т.Рысқұлов, ұжымдастыру жылдары, Ұлы Отан соғысы, Тәуелсіз бүгінгі Меркі деген экспозициялардан тұрады. Мұражай Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен бірге Меркі ауданының ежелгі тарихи ескерткіштері түсірілген карта әзірледі. Мұражайда 12 қызметкер жұмыс істейді, директоры – Ш.Мамасерікова.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}