Мерке бұлақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мерке бұлақтары) — Жамбыл облысының Мерке ауданында, Мерке аулының оңтүстік-шығысы бағыты бойынша 14 км жердегі бұлақтар. Аздаған радиоактивті, радонды су шығады. Терендігі 83-310 м ұңғымалар бұрғылаған, су шығатын ұңғымалардың қуаты — 2,5—3,5 л/с, температурасы 20— 23,5°С, минералдылығы — 0,22—0,3 г/л, су құрамы жағынан: сульфатты-хлоридті, натрийлі, сілтілі (рН-7,85—9,4). Радон мөлшері — 40—110 нанокюри/л. Құраушыларының мөлшері (%): фторы — 10—15, молибдені — 0,01—0,06, қорғасыны — 0,001-0,005, никелі — 0,015, кремний қышқылы — 30. Газдар құрамында азот басым (86,6—93,6%). Пайдаланылатын қоры тәулігіне 518 м3. Негізінен: жүйке, тамыр жүйелерінің ауруларын емдейді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мерке бұлақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}