Мереке Қасымұлы Дихаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мереке Қасымұлы Дихаев - 1950 жылы 1 мамырда Қостанай облысы Боровской ауданының Екпінді кентінде туған. Қазақ.
Хронологиясы
- Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген (1971), ғалым-агроном.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).
- 1971 жылдан - Қостанай облысының Михайловка кеңшарында агроном.
- 1973 жылдан - Қостанай облысының Есенкөл кеңшарында бас агроном.
- 1974 жылдан - Қостанай облысы Комсомол ауданының Можайск кеңшарында бас агроном.
- 1978 жылдан - Қостанай облысы қарабалық кеңшарының партком хатшысы, директоры.
- 1984 жылдан - Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
- 1992 жылдан - «Аптын дән» Қостанай астық үйі» Ақ президенті (Қостанай облысы).
- 1994 жылдан бері - ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралықжер инспекциясының бастығы.
Жетістіктері
Әскери атағы - запастағы майор. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу, республикада бейбітшілік, саяси тұрақтылық». Хоббиі - спорт, оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Дихаева Әлия Жақсенқызы (1952 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Айнагүл (1975 жылы туған), Гүлжан (1975 жылы туған). ¥лдары - Болат (1979 жылы туған), Сәбит (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>