Мереке Отарұлы Ісмұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мереке Отарұлы Ісмұратов - 1961 жылы 5 қарашада Гурьев облысы Балықшы ауданының Дамба кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Ісмұратов Отар, марқұм. Анасы - Ісмұратова Сара, марқұм. Гурьев педагогикалық институтын (1991) «Тарих» мамандығы бойынша; ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1978 жылдан - Амангелді атындағы ұжымшарда балықшы (Дамба кенті).
  • 1980 жылдан - Гурьев қаласындағы авиакәсіпорын слесарі; Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1983 жылдан - Гурьев қаласының әуежайында желілік милиция бекетінің милиционері.
  • 1988 жылдан - Атырау қаласының әуежайында желілік милиция бекетінің қылмыстық іздестіру жедел өкілі.
  • 1997 жылдан - Атырау қаласының әуежайындағы ЖІІБ бастығы.
  • 2003 жылдан - Атырау облыстық ІІБ балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің (БҚҚҚҚКБ) бастығы.
  • 2005 жылдан - Атырау облыстық ІІД Штаб-басқарма бастығының орынбасары.
  • 2006 жылдан - Атырау облыстық ІІБ БҚҚҚҚКБ бастығы. 2008 жылдың ақпанынан - Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары.
  • 2009 жылдың қыркүйегінен - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
  • 2009 жылдың желтоқсанынан бері - Атырау қаласының әкімі. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2005), 3-ші, 2-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» (2006), «ІІО ардагері» (2006) медальдарымен; «ІІМ үздік қызметі үшін» (2006), «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007) белгілерімен марапатталған.

Әскери атағы - полиция полковнигі.
Діни көзқарасы - ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық және мемлекетіміздің өркендеуі».
Хоббиі - спорт, кітап оқу, музыка.
Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезовтің классикасы («Абай жолы»), дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихы.

Үйленген. Жұбайы - Арыстанбаева Алмажай. Ұлы - Ісмұратов Сержан Мерекеұлы, Атырау стансасындағы ЖІІБ қызметкері; қыздары - Ісмұратова Айнұр Мерекеқызы, студент, Англияда оқиды, Ісмұратова Гауһар Мерекеқызы, оқушы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub