Мереке Мұташұлы Ғұмаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ғұмаров Мереке Мұташұлы - 1945 жылы 7 қарашада Гурьев облысы Новобогат ауданы Жанбай ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Ғұмаров Мұташ, марқұм, комсомол қызметкері болған. Анасы - Ғұмарова Ақсұлу, марқұм, сауда саласында жұмыс істеген.

Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының педагогикалық факультетін (1973) дене шынықтыру және спорт муғалімі мамандығы бойынша; Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1982) тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

«Атырау» фольклорлық ансамблін (1982), «Нарын» фольклорлық ансамблін - қазіргі Филармония оркестрі (1987), М. Қойшыбаев атындағы қазақ аспаптары оркестрін (1991), «Мұрагер» фольклорлық ансамблін (қазіргі уақытта) құрушы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1964 жылдың шілде айынан - химия зауытының сантехник-слесарі (Гурьев). 1964 жылдың қараша айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1967 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданы Амангелді атындағы ұжымшарда от жағушы, балықшы. 1968 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданы Балықшы кентінде мұғалім, мектептің оқу ісін меңгеруші. 1979 жылдан - «Білім» қоғамының жауапты хатшысы. 1980 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданы Аудандық мәдениет үйінде меңгеруші. 1986 жылдан - Гурьев облыстық филармониясының директоры.

1990 жылдан - Гурьев облысы Балықшы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1993 жылдан - Атырау мәдениет басқармасы бастығының орынбасары.

1997-1999 жылдары, 2002 жылдан - Махамбет атындағы облыстық театрдың директоры.

2006 жылдан бөрі - Д. Нұрпейісова атындағы Қазақ ұлттық аспаптары академиялық оркестрінің жетекшісі.

Аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1980— 1982, 1982-1987).

«Құрмет» орденімен (2009); «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісіне жиырма жыл» (1965), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) медальдарымен; БЛКЖО ОК (1977), Республикалық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының (1982), ҚазКСР Мәдениет министрлігінің (1987) құрмет грамоталарымен марапатталған.

Мәдениет қайраткері (2005).

Әскери атағы - аға лейтенант.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуші».

Хоббиі - кітаптар, музыка.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи кітаптар.

Үйленген. Жұбайы - Ғұмарова Райса Рахымқызы, мұғалім. Ұлдары - Ғұмаров Нұрлыбек, облыстық әкімдіктің нұсқаушысы; Ғұмаров Жандарбек, облыстық салық комитетінде бас маман; қыздары - Ғұмарова Гүлфайрус, музыкалық колледжде оқытушы; Ғұмарова Шара, Н. Тілендиев атындағы Шағын өнер академиясының оқытушысы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub