Мергенғали Ерғалиұлы Байөміров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Байөміров Мергенғали Ерғалиұлы (1945 жылы туған) – инженер-механик, техникалық ғылым кандидаты (1975), профессор (1991). Қазақ ауылы шаруашылық институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1968).<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>Гурьев ауылы шаруашылық техникумының оқытушысы (1968 – 70), Қазақ ауылы шаруашылық институтының ассистенті (1970 – 77), ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінің ғылым хатшысы (1977 – 78), Ақтау политехникалық институтының аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған. Ол теориялық механика бойынша оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасы «Оқу ағарту ісінің үздігі».<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>