Мендельсон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мендельсон, Мендельсон-Бартольди Якоб Людвиг Феликс (3.2.1809, Германия, Гамбург4.11.1847, Лейпциг) – неміс композиторы, дирижер, пианист. Ұстаздары – Л.Бергер (фортепиано), К.Цельтер (композиция).

Биографиясы

Мендельсон 9 жасынан пианист ретінде жеке концерт бере бастады. 17 жасында В.ШекспирдіңЖазғы түнгі түс” комедиясына жазылған увертюрасы оның ең үздік шығармаларының бірі саналды. 1843 жылы Германиядағы алғашқы музикалық жоғарғы оқу орны – Лейпциг консерваториясының іргетасын қалаушылардың бірі болды.

Шығармалары

Басты шығармалары:

  • Камачо тойы” (1827, Сервантестің “Дон Кихоты” бойынша),
  • Жат жерден оралу” (1829, Берлин) опералары;
  • Павел” (1836),
  • Илия” (1846),
  • Христом” шіркеулік хор музыкасы мен кантаталары, оркестрге арналған 5 симфониясы, 7 концерттік увертюрасы, шекті аспаптар оркестрі үшін жазған 13 симфониясы, т.б. аспаптық, ансамбльдік, камералық жанрлардағы туындылары бар.

Мендельсон 100-ге таяу ән мен 60 хор жазған.

Дереккөздер

* Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мендельсон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}