Менам Ойпаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Менам Ойпаты <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> – Үндіқытай түбегіндегі ойпат. Таиландтың орталық бөлігіндегі Кхунтхан, Танентаунджи, Билау тау жоталары мен Корат үстіртінің аралығында орналасқан. Ұзындығы 500 км, ені 200 км, ауданы 100 мың км². Менам-Чао-Прая өзені және оның салалары Пинг пен Пасактың аллювийлік шөгінділерінен құралған. Жері негізінен жазық; солтүстіктен Пәктастан түзілген қалдық қырқалар, оңтүстіктенн Сиам шығанағын бойлай жағалық белестер алып жатыр. Өзендері алып келген лай тосқындар Менам-Чао-Прая өзенінің атырауына тұнады. Климаты субэкваторлық, муссондық, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 мм. Табиғи өсімдіктерінен құрғақ муссондық ормандар мен бұталар, атырауында пальма, мангр ормандары өседі. Жерінің көпшілігі күріш өсіруге (жылына 3 рет өнім алынады) пайдаланылады. Таиланд халқының басым бөлігі Менам ойпатын мекендейді, астанасы – Бангкок қаласы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Менам Ойпаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}