Мемориалдық құрылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемориалдық құрылыстар - белгілі бір елдің тарихы мен қалаларының айтулы мерейтойларына, халықтың қатерлі соғыс кезіндегі және бейбіт еңбек жолындағы ерліктеріне арналып салынған архитектуралық құрылыстар: архитектуралық - мүсінді ескерткіштер ансамблі. Мемориалдық құрылыстар бір немесе бірнеше адамның есімін мәңгілік еске сақтау үшін де салынады. Пошымы мен композициялық құрылымына қарай ежелгі мемориалдық құрылыстары қорғандардан, шикі кірпіштен қаланған, күйдірілген кірпіштен өрілген және табиғи тастардан қиып орнатқан кешендерден тұрады. Қазақстанның батыс облыстарында мемориалдық құрылыстар архитектуралық шағын пошымдардан тұрады. Мемориалдық құрылыстар тас қорымдар түрінде де кездеседі. Кейін Қазақстанда архитектуралық мүсінді ірі-ірі Мемориалдық құрылыстар салынды. Олар белгілі тарихи оқиғаларға, жауынгерлік ерлікке, еңбек даңқына тағы басқаларға арнап орнатылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}