Мемлекет және шіркеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемлекет және шіркеу - араларында қандай да бір өзара байланыс бар әлеуметтік феномендер. Мемлекет пен Шіркеудің байланысы әр дәуірде, әр мемлекетте әрқилы болды. Мемлекеттің әртүрлі діндердің өкілдерін қудалаған, кейіннен дін мемлекеттік болып мойындалған мысалдары тарихтан белгілі. Еуропада XVIII ғасырдың соңына дейін Шіркеу саяси жүйенің басымдыққа ие құрамдас бөлігі болып келді. Кейіннен секуляризация (зайырлы) процестері Мемлекет пен Шіркеудің аражігінің ажырауына алып келді. Қазіргі кезде Мемлекет пен Шіркеудің өзара байланысы әртүрлі үлгілерде жүзеге асырылады. Олар: діни (теократиялық) мемлекет, зайырлы мемлекет, ресми шіркеу және мойындалған қауымдастықтар үлгісі. Діни немесе теократиялық мемлекет қандай да бір дінді "мемлекеттік" деп, ал Қасиетті Жазбаға мемлекеттің заңнамалық дерегі ретінде сүйенетін үлгі. Мұнда Мемлекет пен Шіркеудің арақатынасы діни және саяси институттардың қарым-қатынасымен байланыстырылады, ал азаматтардың жеке өмірі діни ережелермен реттеледі. Зайырлы мемлекет дінді мемлекеттен бөлу идеясын жүзеге асырады. Ресми шіркеу үлгісіне бір дінді ресми деп жариялап, елдің саяси өмірінде оған ерекше орын береді. Мойындалған қауымдастықтар үлгісінде барлық негізгі діндер мойындалады, дегенмен олардың ешқайсысы да мемлекеттік мәртебеге ие болмайды.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мемлекет және шіркеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}