Мемлекеттік хатшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мемлекеттік хатшымемлекеттік дәрежедегі лауазымды тұлға.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Ұлыбританияда қорғаныс істері, ішкі істер және Шотландия істері жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымы бар. Бельгияда мемлекеттік хатшы премьер-министрдің орынбасары болып саналады. Ал АҚШ-та мемлекеттік хатшы конституция бойынша кеңесші орган болып саналғанымен, іс жүзінде сыртқы істер министрінің қызметін атқаратын сыртқы саясат басқармасы – мемлекеттік департаментті басқарады.

Қазақстанда мемлекеттік хатшы лауазымы Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жоғары лауазымдардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қызмет атқарады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}