Мемлекеттік сатып алулар басқару Органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті (2001-2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап). </ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы № 87 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 22-бап). </ref>, оған таратылған ҚР Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттігінің функңиялары мен өкілеттіктері берілді. Комитеттің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі үрдісін реттеу жөніндегі уәкілетті орган екендігі белгіленді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен<ref>Сонда. </ref> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ‘’’ҚР Қаржы министрлігінің’’’ құзіреті шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу процесін салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру оның мониторингі; мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауына бақылау жасау; мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін нормативтік қүқықтық базаны әзірлеу. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап). </ref> сәйкес ҚР Қаржы министрлігі құрамынан ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігінің бөлінуіне байланысты ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қыркүйектегі № 1031 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 334-бап).</ref> комитет таратылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}