Мемлекеттік иммунитет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Мемлекет иммунитеті немесе Мемлекеттік иммунитетмемлекеттердің иең заңдылық эәне олардың суверендік жағдайын толық тануға және қадірлеуге негізделген халықаралық заң ережелерінің бірі. Бір мемлекеттің екінші мемлекет сотына тартылуға жатпайтындығын білідіреді. Мемлекет иммунитетпен пайдалану белгілі бір мемлекеттің дербестігін, оның ешкімге тәуелді еместігін көрсетеді. Суверенді мемлекет басқа мемлекеттердің заңына бағынбайды. Сол сияқты бір мемлекеттің екінші мемлекет территориясында тұрған мемлкет орындарына да оның заңдары мен әкімшілік органдарының шешімдері жүрмейді. Мемлекет мүлкі оның басқа мемлекеттердің бірде-бірі қол сұға алмайтын меншігі болып табылады. Суверенді мемлекеттің иммунитетімен оның халықаралық заң субъектісі болып табылатын құрамды бөліктерінің бәрі де пайдаланады. Мысалы: КСРО имунитеті оның құрамды бөліктері - барлық одақтас республикаларға иммунитет болып саналады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD. ISBN 9965-893-38-1</ref>

Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі БҰҰ Жарғысымен баянды етілген мемлекет егемендігі болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:
а) шетел заңнамасының қолданысынан қорғалу иммунитеті, бұл иммунитет бойынша өзінің қатысуымен жасалған келісімшартта мемлекеттің айқын көрсетілген келісімінсіз келісімшарт қатынастарын басқа мемлекеттің құқығына бағындыруға болмайды. Сондықтан бір тарабы шет мемлекет болып табылатын қайсыбір азаматтық-құқықтық келісімшартта қолданыстағы құқық туралы ереже болмайды, мұндай келісімшарттың осы мемлекеттің құқығына бағынуының анық-қанығын анықтау (презумпция) қолданылады;
ә) сот иммунитеті немесе тар мағынада алғанда заңи хұкімдік иммунитет, яғни шет мемлекет сотының соттамайтындығы. Сот иммунитеті негізінде мемлекетті шет ел сотында немесе оның төрелік сотында жауапкер ретінде тарту мүмкін емес. Егер мемлекет қайсыбір нақты жағдайда сот талқылауында талапкер болса, бұл мән-жай оған қарсы талап қою үшін құқықтық негіз болып есептеле алмайды. Мұндай жағдайда да оның арнаулы келісімі қажет етіледі;
б) талапты алдын ала қамтамасыз ету иммунитетінің мәні мынада: сот талабы болған және оны шет ел сотында қарауға мемлекет келісім берген жағдайда шет ел соты мемлекеттің мүлкін қамауға алу және басқа осындай шаралар түрінде қамтамасыз етуге тіпті де құқылы емес;
в) сот актісінің күштеп атқарылуынан қорғалу иммунитетінің мазмұны жоғарыда айтылғанмен ұқсас, оның айырмашылығы тек мынада ғана: алғашқысы соттың қайсыбір әрекетін алдын-ала тәртіппен қамтамасыз етуге, ал екіншісі түпкілікті шараларды қамтамасыз етуге бағытталған;
г) мемлекет меншігінің иммунитеті бұрын аталған екі иммунитеттің арасындағы жанама иммунитет, өйткені ол талапты немесе сот шешімін алдын ала немесе мәжбүрлеу тәртібімен тек нақты мемлекеттің мүлкіне (меншігіне) шара қолдануға назар аударту арқылы ғана қамтамасыз ете алады.

Мемлекет иммунитетнің мазмұны мына ережелермен сипатталады:

  • біріншіден, бірде-бір мемлекет өз сотында басқа мемлекетті жауапкер болуға мәжбүрлеуге құқылы емес;
  • екіншіден, шет мемлекет өзінің ерекше келісімі болған жағдайда ғана шет ел сотына тартылады;
  • үшіншіден, бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында әрекет етуі иммунитеттен өз-өзінен бас тартуына апарып соқтырмайды;
  • төртіншіден, тіпті мемлекеттің соттылыққа айқын нысанда келісімі – expressіs verbіs, – болған күнде де мұнымен оның талапты алдын ала қамтамасыз етуге немесе шешімді күштеп орындауға келісімі көзделмейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер