Мелиорациялық жүйені қайта жаңғырту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мелиорациялық жүйені қайта жаңғырту — қолданыстағы мелиорациялық жүйенің техникалық деңгейін (пайдалы жұмыс істеуін) көтеруге бағытталған кешенді шаралар. Мелиорациялық жүйенің жер бетінде орналасуы мен негізгі тармақтарының көрсеткіштерін (параметрлерін) өзгерту арқылы ескірген гидротехникалық құрылыстар мен құрылымдар жаңасымен алмастырылады, сонымен қатар су режімін басқарудағы автоматика мен телемеханика негіздері де жаңартылады. Мелиорациялық жүйені қайта жаңғыртуда суармалы жердің өнімділігін арттыру мақсатымен жаңа техника мен технологияны, осы салаға қатысты ең соңғы ғылыми жаңалықтарды енгізуге айрықша назар аударылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мелиорациялық жүйені қайта жаңғырту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}