Меланома

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Melanoma.jpg
Меланома

Меланома (грек. melas, melanos — қара және оmа — пайда болған ісікке жалғанатын жалғау), мелано-бластома — денедегі қатерлі ісік. Меланома меланин (қоңыр, қара немесе сары түсті жоғары молекула суда ерімейді) пигменттерін түзетін клеткалардан тұрады. Меланоманың пайда болуына алған жарақат, жыныстық жетілу кезінде гормондардың шектен тыс көп бөлінуі әсер етеді. Меланома негізінен теріде, кейде көз алмасында, мидың жұмсақ қабығы мен жұлында, мұрын-жұтқыншақ қуысында, көмекейде, асқазанда және ішектің шырышты қабатында кездеседі. Көп жағдайда меланома адамның туа біткен пигментті қалдарында пайда болады. Бастапқыда теріде диаметрі 2 — 5 миллиметрдей ісік білінеді, бірақ адам оны ауырсынбайды. Кей жағдайда теріге “сүйел” сияқты бөртпе шығып, бірте-бірте қара-қоңыр немесе қара түсті даққа айналады. Сирек қанайды. Егер адам жарақат алса, ісіктің мөлшері тез ұлғайып, тығыздалып, жақын жатқан лимфа түйіндері ісіне бастайды. Қолмен ұстап көргенде бұдыр байқалады. Меланоманың алғашқы белгісі білінісімен-ақ, қалдың орны ұлғайып, тығыздалып, жан-жағы қызарып кетеді. Беті жылтыр қара табақшаға айналады, ортасындағы пигмент жоғалып, теріге жайыла бастайды.

Стоматология терминінің аудармасы

Меланома (Үлгі:Lang-el — қара және Үлгі:Lang-el — пайда болған ісікке жалғанатын жалғау). Меланиннен түратын қатерлі ісік. Қөбінесе теріде пайда болады. Қейде іштен туған мең, қалдың үлкейіп өсуімен білінеді.<ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Емі

Хирургиялық операция, сәулемен күйдіру, қатерлі ісік клеткаларының өсуін баяулататын арнайы дәрі-дәрмектер ішу. Алдын алу үшін күнге көп қыздырынудан сақтану керек. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Medsci-stub