Меланж
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Меланж (франц. тілінен — қоспа) — тау жынысытардың бір-бірімен тектік байланысы жоқ сан түрлі кесектерін біріктіретін брекчиялар алабы; мұндай брекчиялар қүрамындағы жақпартастар мен кесектер әдетте ешбір ретсіз орналасқан, олардың беткі жазықтығынан жиі-жиі сырғанау айналары байқалады. Меланж бағдарлы қысым салдарынан уатылған тау жынысы кесектерінің қарқынды қозғалыстарға ұшырауы нәтижесінде қалыптасатын болса керек. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>