Мекран таулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мекран таулары, Макран — Иран таулы қыратының Иран және Пәкстан жеріндегі оңтүстік-шығыс тармағы. Ормуз бұғазынан батысқа қарай доға тәрізденіп 1150 километрге созылып жатыр. Мекран таулары көлденең ойыстармен және тар шатқалдармен бөлінген қатар жатқан жоталардан (биіктік 1000 — 2000 метр) тұрады. Ең биік жері Маран тауы (3277 метр). Негізінен әктастан және құмтастан, ойыстары мен тау алды мергель, тақтатас және флиштен түзілген. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Тау алдында балшықты жанартаулар кездеседі. Батысы және солтүстік-батысы шөл және шөлейтті. Негізінен шөлдік өсімдік, шығысында таулық саванна, солтүстік-шығыс бөлігінде орман көп. Өзен аңғарларын бойлай жалпақ жапырақты орман мен құрма пальмасының шоқ тоғайы өседі.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мекран таулары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}