Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков (1 шілде 1958, Қарқаралы ауданы, Томар ауылы - 18 қаңтар 2020, Қарағанды) - әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000).

Өмірбаяны

  • Алматы эстрада-цирк студиясын (Ж. Елебеков класы бойынша педагог Жәнібек Кәрменовтен), 2003 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
  • 1978 жылдан - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі.
  • 1981 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының солист-вокалисі.
  • 1987 жылдан - Қарағанды почтамтының инструкторы, жабдықтау жөніндегі инженері.
  • 1993 жылдан - Қарағанды облыстық халық шығармашылығы және мәдени-игілік қызметі орталығы бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдан - Қарағанды музыка училищесі халық бөлімшесінің меңгерушісі.
  • 2008 жылдан бері - Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің солист-вокалисі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі.
  • Халық композиторлары Біржан мен Ақан Серінің, Жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың, Естай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындады. Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты (1980). Қазақстан өнер шеберлері қатарында Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сияқты елдерде өнер көрсетті.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Отбасы

  • Әкесі - Адамбеков Сәйді, қойшы болған. Анасы - Біләлова Рауза, қойшы болған.
  • Үйленген. Жұбайы - Еңсебаева Н.К. (1957 ж.т.), №101 ОМ оқытушысы. Ұлдары - Адамбеков Алданыш (1980 ж.т.), Адамбеков Жәнібек (1992 ж.т.); қыздары - Адамбекова Шынар (1982)Адамбекова Арайлым (1984 ж.т.).

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

  1. Дәстүрлі өнер дүлділі әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды

Үлгі:Bio-stub Үлгі:Суретсіз мақала