Мейрамгүл Зейнеғабулқызы Жанбөбекова
Үлгі:Ғалым Мейрамгүл Зейнеғабулқызы Жанбөбекова — педагогика ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1970 жылы 3 қарашада Абай облысы, Аягөз ауданы, Социал (таратылған) ауылында туған.
Шығыс Қазахстан мемлекеттік университетін (1995, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) бітірген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы (1995-98), Алматы мемлекеттік университетінде аспирант (1998–2001, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), оқытушы (2002-04), кафедра меңгерушісі (2004-09), 2010 жылы докторлық қорғап кафедрада еңбек етеді.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты педагогика теориясындағы мəселенің жай-күйін сараптау, оның зерттеу аумағындағы білімдерді жүйелеу жəне оларды кəсіби-педагогикалық іс-əрекетке дайындаудың негізін тану процесін əрдайым байытып отыруды зерттеуге арналған.
"Жаhандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кəсіби іс-əрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
47 ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары
- "Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне 20 жыл" төсбелгісі.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>