Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген - 1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Төлепбергенов Мылтықбай, марқұм. Анасы - Молдахметова Арзанкүл, марқұм.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), журналист. 8 деректі-көсемсөздік кітаптың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2010 жылдан).

  • 1974-1975 жылдары - Жамбыл облысы Сарысу ауданының «Тоғызкент» кеңшарының құрылысшы-жұмысшысы.
  • 1976 жылдың ақпанынан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы.
  • 1976 жылдың тамызынан 1981 жылдың қазанына дейін - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті.
  • 1980 жылдан - Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысының орынбасары.
  • 1991 жылдан - «Халық кеңесі» газетінің сектор меңгерушісі, бөлім редакторы (Алматы қаласы).
  • 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, саяси шолушысы, Алматы бөлімшесінің жетекшісі.
  • 2007-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ бұқарамен байланыс басқармасының бастығы, бұқарамен байланыс департаментінің директоры.
  • 2009 жылдан - Жамбыл және Алматы облыстары бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС өкілі.
  • 2010 жылдың қаңтары - 2013 жыл - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
  • 2013 жылдан - "Қазақстан-Тараз" телекомпаниясының президенті.

«Ерен еңбегі үшін» (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының (1998), президенттік гранттың (2005), ҚР Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық жүлдесінің (2007) лауреаты. ҚР Мәдениет қайраткері (2000).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендей беретін Қазақстан».
Хоббиі - асық ұлттық ойыны.

Үйленген. Жұбайы - Әлімжанова Сәуле Сарыбайқызы (1956 жылы туған). Қыздары - Төлепбергенова Әйгерім (1981 жылы туған), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы; Төлепбергенова Айғаным (1988 жылы туған), Алматы технологиялық университетінің магистранты; ұлы - Мейрамбекұлы Алан (2004 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}