Мейндорф Егор Казимирович
Мейндорф Егор Казимирович (1794 — 1863) — саяхатшы, геолог, Ресей армиясы Бас штабының капитаны. Негридің (1820 — 1821) дипломатиялық миссиясының құрамында Бұхар хандығына барды. 1826 жылы осы сапары туралы жазған шығармасы “Орыс елшілерінің Орынбордан Бұхараға саяхатының қысқаша жазбалары” деген атпен француз тілінде Парижде жарық көрді. Кітап төрт тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы қазақ даласы арқылы өткен сапарға арналған. Автор қазақтар жөнінде, олардың дәстүрі, көші-қоны, тұрмыс-салты, аңшылығы, халық әндерінің үлгілері туралы көптеген этнографиялық мәліметтер берген және қазақ қоғамындағы әйелдер орны, билер мен сұлтандардың басқару мәселелері жөнінде де айтып өткен. Кітабының кейбір тарауы “Северный архив” (1822), “Мануфактура и торговля” (1832) журналдарында жарияланды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>