Медел Арғынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Медел Арғынбаев (1930 жылы, Алматы облысы, Шелек ауданы, Шелек ауылы — 2000 жылы, Алматы қаласы) отандық журналистика тарихын зерттеуші. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1953). Жамбыл облысындағы орта мектептерде сабақ берді. 1955 жылы Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетініңхатшысы, орта мектептің директоры, Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитеті насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, "Білім" қоғамы Жамбыл облыстық ұйымы басқармасының жауапты хатшысы. Тарих ғылымының докторы (1980), профессор (1981). 1968 жылы "Правда, Қазақстан экономикасын көтеру үшін күресте" (19471958) атты кандидаттық диссертацияны қорғады.

1969 жылы Қазақстан КП ОК-нің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1972 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің сырттай және кешкі оқыту бөлімінің проректоры. 1980 жылы "Соғыстан кейінгі жылдардағы ұлттық баспасөз дамуының ерекшеліктері (Қазакстанның 1946-1958 жылдардағы баспасөз тәжірибесінен)" атты докторлық диссертациясын қорғады.

1982 жылы Қазақ Мемлекеттік университеті жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтының директоры, партия-кеңес журналистикасы тарихы кафедрасын басқарды. 1995 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті, журналистика тарихы кафедрасының профессоры. "Халықтар достығы" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}