Маңғыстау мен үстірт арқылы өткен ұлы жібек жолы тармақтарындағы ескерткіштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маңғыстау мен үстірт арқылы өткен ұлы жібек жолы тармақтарындағы ескерткіштер<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> оңтүстік-шығыс Азияны Батыс Еуропамен байланыстырған Ұлы Жібек жолының (б. з. 6 ғ.) солтүстік тас жолы тармақтары Үстірт жазығы арқылы, бірі Каспий теңізін солтүстік жағынан айнала құрлықпен, енді бірі Маңғыстау түбегіндегі теңіз айлақтары арқылы КавказЕділ бағытында өткендері белгілі. Осы кезеңнен қалған Үстірт шыңдары мен ҚаратауАқтау шатқалдарындағы қарауыл-мұнаралар, Қарлыбас, Қараған, Үшқия, Қаңға, Емді қорғаныс бекіністері, Үстірттегі Қосқұдық, Белдеулі, Борқұдық керуен сарайлары ескі керуен жолдарының негізгі бағыттарын нақты көрсетеді. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер Қызылқала қалашығы әйгілі түбектің астанасы Маңғышлақ қамалы болуы ықтимал деген пікір айтады. Орта ғасырларда түбектің сауда байланыстарында маңызды орын алған қалалар – Бозащы түбегінде 17 ғасырдағы орыс саудагерлерінің жазбаларынан белгілі Қабақты қаласы және қазіргі Форт-Шевченко қаласының маңайындағы Алтын Орда кезеңімен белгіленетін Кетікқала бекінісі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маңғыстау мен үстірт арқылы өткен ұлы жібек жолы тармақтарындағы ескерткіштер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}