Мақсұт Әмірұлы Салықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақсұт Әмірұлы Салықов (26.5. 1927, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы - 25.8.1977, қазіргі Тараз қаласы)-актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966). 1952 жылы Алматы театр училищесін бітірді. 1952 - 56 жылдары қазіргі Семей музыкалық драма театрында, 1957 жылы өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы драма театрында актер болды. Ол Қодар, фон-Эберсман, Мирошкин (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сүлу", "Амангелді", және "Қазақ солдатында"), Базаралы, Қазан, Көтібар (М.Әуезовтің "Абай", "Қара қыпшақ Қобыланды" мен "Айман - Шолпанында"), Мәлік (Ә.Тәжібаевтың "Көңілдестерінде"), Тағдыр (Ә.Әбішевтің "Белгісіз батырында"), Таласбай (Ш.Құсайыновтың "Тоты-Тамиласында"), Хасен (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтің "Беу, қыздар-айында"), Забелин (Н.Ф. Погодиннің "Кремль куранттарында"), Дуанбасы, Яичниңа (Н.В. Гоғольдің "Ревизоры" мен "Үйленуінде"), т.б. рольдерді орындаған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}