Мақсұт Құлмұхаммедұлы Оразай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мақсұт Құлмұхаммедұлы Оразай (27 желтоқсан 1938 ж.т., Бостандық ауданы, Табақсай ауылында) — Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық құндылықтарын қорғаушысы, қазақ тілінің жанашыры, бірнеше қазақ мектептерінің директоры болған. 2005 жылы Қазақстанда президенттікке тәуелсіз үміткер ретінде ұсынылған<ref>Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы өтінішті М.Оразай берді</ref><ref>Бүгін президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталады</ref>. Тіркелмеген Гуманистік партиясының ұйымдастырушысы, бірнеше кітаптардің авторы.
Өмірбаяны
- 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
- 1980 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігінің ҒЗИ-да қызмет етеді.
- 1981 жылдан 1987 жылға дейін Қазақ КСР Білім министрлігінде жұмыс істеді.
- 1987-1991 жылдары — Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебінің директоры.<ref>Видеомұрағат — №86 қазақ мектебі. Алматы, 1989 жыл</ref><ref>Менің өмірлік ұстанымдарымның қалыптасуына бірден-бір оң ықпал еткен Ұстазым</ref><ref>Мектеп тарихы сыр шертеді... #4</ref>
- 1991-1997 жылдары — Алматыдағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры.<ref>Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты Үлгі:Webarchive</ref><ref>Мен қалай қазақ болдым. 5 бөлім.</ref><ref>Мақсұт Құлмұхаммедұлы медальді төсіме қадады</ref>
Қоғамдық қызметі
- 2002 жылы Қазақстандағы Түркістан мен Бағыс ауылдарын Өзбекстан өзіне жайғағанда, сол мәселені мемлекеттік деңгейге бірінші көтеріп, қорғауға белсене қатысқан адамдардың бірі еді.<ref>«Нағыз намыс-от қойған қамыстан қауіпті!»</ref>
- 2004 жылы Мақсұт Оразай «Аргументы и факты - Казахстан» газетіне қарсы іс қозғады. Бұған зейнеткер бірнеше рет хабарлаған Қазақстандағы қалалардың атауларының басылымының әдейі бұрмалануы себеп болды. «Аргументы и Факты» сол кезге дейін кеңестік атаулардың транскрипциясын қолданған: Алматы орнына Алма-Ата, Ақтөбе орнына Актюбинск, Шымкенттің орнына Чимкент, Тараздың орнына Джамбул және т.б. Редакторға бірнеше ескерілмеген хаттардан кейін М.Оразай сотқа жүгінуге мәжбүр болды. 18 қазанда Алматы қаласының Медеу аудандық соты талапкердің пайдасына шешім шығарды және газетке мемлекеттік транскрипцияны сақтау міндеттелді. Бұл үдерістің салдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы Сламбек Тәуекелдің 2005 жылғы 17 қаңтарда республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына жазған хатында, ол мемлекеттік міндетті транскрипцияға шақырды. Хатта министрлік өкілі Алматы сотының Мақсұт Оразайдың пайдасына шешуіне тікелей сілтеме жасайды.<ref>"Алматы" деп неге жазу керек (орысша)</ref> Осы оқиғалардан кейін Қазақстанның барлық ақпарат құралдарында қалалардың ресми атауларын бұрмалау тоқталды.</i><ref>Енді қалай атаймыз? (орысша)</ref><ref>«Аргументтер мен фактілерге» қарсы аргумент (орысша) Үлгі:Webarchive</ref>
- 2005 жылы КТК телеарнасы қазақ тіліндегі материалдарды күндіз көрсетпей түнде ғана көрсететін. Әуелі пикет арқылы наразылық көрсетіп, кейін телеарнаны сотқа берген. Сот, телеарна заңды бұзбаған, бірақ та заңның кемістігі бар деген шешімге келеді.<ref>Алматыда мемлекеттік тіл жанашыры наразылық пикетін өткізді</ref><ref>Көрермен КТК-ға қарсы шықты (орысша)</ref><ref>ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ</ref>
- 2006 жылы Қазақстан Ұлттық банкі жаңа теңге шығарады. Оның ішінде бірнеше қателіктер табылады. Соған қарсы сотқа беруші болады<ref>ТЕҢГЕНIҢ ЖЫРЫ ӘЛI БIТПЕЙДIҮлгі:Deadlink</ref><ref>Гражданин Казахстана Максут Оразай намерен подать иск в суд на Национальный банк РКҮлгі:Deadlink</ref>
- 2007 жылы Қазақстанды күлкі қылған, Борат, расист фильмі шығады. Қазақстанда ол фильмге тыйым салынады. Мақсұт Оразай фильмді түсірген "20th Century Fox Film Company" компаниясына қарсы заңды талап дайындайды.<ref>Қазақстандық азамат «Борат» фильмін шығарғандарды сотқа бермек</ref><ref>Максут Оразай VS Кинокомпания «ХХ век»</ref>.
- "РУХ" клубын ұйымдастырып оның төрағасы болады.<ref>Бұрынғы "РУХ" клубының мүшелері</ref>
- Қазақстанда тіркелмеген Гуманистік партияның ұйымдастырушысы.<ref>Адамгершілік партиясының манифесті мен бағдарламасы</ref>
- Басқа да көптеген саяси-қоғамдық мәселелерге бас қосатын кісі.<ref>Қоғам кайраткерлері Республика алаңына көрінісін қалпына келтіруін талап етеді</ref><ref>Тоталитарлық мемлекетіндегі нағыз патриот (орысша)</ref><ref>Назарбаев ұлт көшбасшысы болмас (орысша)Үлгі:Deadlink</ref><ref>ТIРЕК Альянсы — Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы ақпарат - Мақсұт ОразайҮлгі:Deadlink</ref><ref>Назарбаев пен Желтоқсан. Нұрсұлтанның алғашқы үлкен құпиясы (орысша)</ref>
Кітаптары
- Тіней шежіресі. 2001 ж.<ref> Қазақ шежірелерінің тізімі</ref> Таралымы 2000 дана. "Бағалы қағаздар" баспасы - 480004, Алматы қ. Абылайхан д., 56-үй.<ref>Найман Ақтаз Тіней шежіресі, 2001 ж.</ref>
- Қазақ халқының салт дәстүрлері. 1994 ж. Таралымы 50 000 дана. "Рауан" баспасы, 480124 Алматы қ., Абай д-лы, 143-үй.
- Мал тап, күн көр: бақытты бол. 2013 ж. ISBN 978-601-06-2524-2. "BC-Print-Technology" баспанасы, Алматы қ., Мамыр-1, 6 үй.
- Қазақ кешкі мектебіне арналған 9-11 Орыс тілі оқулығы. 1987 ж. Таралымы 22500 дана. "Мектеп" баспасы, 480124 Алматы қ., Абай д-лы, 143-үй.