Мақсұт Ыбырайұлы Байсейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақсұт Байсейітов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> (1927-1972) Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданына қарасты Елтай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік оқытушылар институтының тіл және әдебиет фа-культетін тамамдайды. Ол еңбекке жастай араласады. Қарағанды шахтасында істейді. Кейін Қарағанды облыстық радио комитетіне, телевидениесінде редактор, облыстық газетте әдеби қызметкер болған.

Еңбегі

«Қайрат», «Менің бақытым», «Сұрапыл» атты поэмалары бар. Ең күрделі де көлемді шығармала-рының бірі — «Қыран» атты дастаны. Бірнеше рет ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бірнеше шағын пьесалар мен көптеген репертуарлық жинақтардың, көркем очерктер, фельетондар мен проблемалық мақалалардың авторы.

Шығармалары

  • Өмір оты. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1953;
  • Қарқаралы басында. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1977.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub