Мақсұтжан Әубәкіров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақсұтжан Әубәкіров (25 тамыз 1938 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, казіргі Ақжар ауданы, Қарабудақ ауылы - 1 қараша 1996 жыл, Алматы) - тележурналист, жазушы, БАҚ саласынын топ-менеджері.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ді бітірген (1960). Еңбек жолын 1960 жылы Алматы облысы "Коммунизм таңы" газетінде бастаған. 1963 жылы Қазақстан теледидар және радиохабарлары жөніндегі Мемлекет комитетінде қызмет істеген. Ол 20 жылдан астам уақыт Қазақстан БАҚ-ның дамуына үлкен еңбек сіңірген. Қазақ теледидары "Құрдастар" бағдарламасынын бас редакторы және Қазақ Телерадиохабарларын тарату комитеті төрағасының бірінші орынбасары; 1972-1979 жылдары Қазақстан ОК КП-ның үгіт және насихат бөлімінде нұскаушы, теледидар жөніндегі сектордың меңгерушісі, 1986-1990 жылдары КСРО Орталық теледидарының Бас редакциялар бағдарламасының бас редакторы, 1994-1996 жылдары "Қазақстан" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Мақсұтжан Әубәкіров кино өнеріне де мол үлес қосқан. Ол "Өнер" және "Қаржы-қаражат" баспаларын ұйымдастырып, басқарушылық қызмет атқарып, кітап шығару ісінде 10 жылдай жемісті еңбек еткен.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}