Мақаш Балмағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мақаш Балмағамбетов (1914 жылы туған, Қазалы ауданындағы 17 ауыл) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944). 1932 – 38 жылы ұжымшарда есепші, кіші техник болып істеп, 1943 жылы наурызда 72-дивизияның құрамында майданға аттанған. Кейіннен Қазақстанда құрылған 73-гвардия атқыштар дивизиясынан ауысты. Гвардия сержанты Балмағамбетов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепр өзенінен өтуде ержүректік, табандылық танытты. Ол басқарған бөлімше жауынгерлері бірінші болып өзеннің арғы бетіне шығып, Днепропетровск облысы Бородаевка селосының жанында жаумен ұрысқа кірісті. Жеке өзі жаудың 20-дан астам солдаты мен офицерінің көзін жойды. Осы ерлігі үшін Батыр атағы берілді. Соғыстан кейін Қарақалпақстан Республикасына қоныс аударды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мақаш Балмағамбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}