Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев (7 қараша 1978, Алматы) — Қазақстанның ірі мемлекеттік қайраткері, 2025 жылдан бастап президент кеңесшісі. Бұрынғы экология (2019—2021) және энергетика министрі (2021—2022).
Жеке өмірі
- Үйленген, жұбайы — Айым Серәліқызы Мырзағәлиева (1977 жылы туған; тумысында Есіләмова). Оның әкесі — Серәлі Болатұлы Есіләмов (1950 жылы туған) — TuranMunaiTrade тәуелсіз директоры<ref>Үлгі:Cite web </ref>.
- Бауырлары:
- Меруерт Қонысбек (1974 жылы туған).
- Шахизада Мырзағәлиева (1982 жылы туған).
Еңбек жолы
2001—2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында “MI Drilling Fluids International” (Schlumberger) компаниясында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер болып қызмет атқарды, АҚШ және Малайзияда тағылымдамадан өтті.
2004—2007 жылдары “MI Drilling Fluids International” компаниясында өндіріс бойынша менеджер, Ақтау филиалының басшысы болды.
2007—2010 жылдары «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры болды.
2010—2012 жылдары “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, 2012—2013 жылдары — “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ басқарма төрағасының сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі орынбасары болды.
2013—2019 жылдары Энергетика министрінің орынбасары болды.<ref>Үлгі:Cite web </ref>
2019—2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрі<ref>Үлгі:Cite web </ref> және 2021—2022 жылдары Энергетика министрі лауазымын атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылдың қаңтар мен сәуір аралығында Президент кеңесшісі болды.<ref>Үлгі:Cite web </ref>
2022—2024 жылдары ҚазМұнайГаздың басқарма төрағасы болды.<ref>Үлгі:Cite web </ref> 2023—2025 жылдары «Kazenergy» қауымдастығын басқарды.
2025 жылғы 13 ақпаннан — Президент кеңесшісі.<ref>Үлгі:Cite web </ref>
Білімі
1999 жылы Тұран мен 2003 жылы Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясын халықаралық экономист және 2010 жылы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша тәмамдады.
Марапаттары мен атақтары
- Ерен еңбегі үшін медалі (2014).
- II дәрежелі Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін медалі (2015).
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016).
- I дәрежелі Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін медалі (2019).
- Құрмет ордені (2021).
Дереккөздер
<References/>