Мағзи Әбілқасымов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ӘБІЛҚАСЫМОВ Мағзи Әбілқасымұлы (1926, Зеренді ауданы Елтай а. — 2001) — еңбек және соғыс ардагері. Көкшетау қ-ның Құрметті азаматы (1974). Көкшетау қ-ндағы №3 орта мектептің 7 сыныбын бітірген Ә., 1943 ж. қалаға көшіріліп келген Подолск тігін машинасы з-тындағы ФЗО-ға оқуға жіберіледі. Еңбек жолын электромонтер болып бастаған ол Приборшығару з-тында басқару щитінің аға кезекшісі, аға және ауысым және шебері дәрежесіне дейін көтерілді. Ерен еңбегі үшін, 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, медальдармен марапатталған.