Мағбат Уарысбекұлы Спанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мағбат Уарысбекұлы Спанов - Қазақстан даму институтының президенті.
Мазмұны
Өмірбаяны
- 1964 ж. 15 шілдеде Барнаул қаласында (РФ) туған.
- 1989 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2002), доцент (2001).
- 1981-82 жж. - Алматы темір жолының №7 Депо жүкшісі. 1982 ж. - Жол-жөндеу механикалық шеберханасының слесарі.
- 1982-84 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.
- 1985 ж. - Алматы темір жолының слесарі.
- 1989-92 жж. - ҚР ҰҒА Экономика институтының кіші ғылыми қызметкері.
- 1992-93 жж. - ҚМЭБИ Стратегиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері.
- 1993-94 жж. - ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері.
- 1994 жылдан - Қазақстан даму институтының ғалым-хатшысы, вице-президенті, президенті.
ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі (2006), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі (2005), Сайлауды бақылау жөніндегі РҚБ мүшесі (2005). «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері (1998). 5 монографияның, 100-ден астам жарияланымның авторы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Қорықсаң - істеме, істесең - қорықпа». Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, міндеттілік және перспективалық ойлау».
Қазақстан қаржы аясына талдауы:
«Қазақстан қаржы аясының негізгі жетістіктері:
- а) екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы;
- ә) мемлекеттік бюджетті қалыптастыру принципінің өзгеруі;
- б) аймақтық қаржы орталығын құру мүмкіндігіне дейін деңгейдің өсуі.
Негізгі проблемалары:
- а) қаржы аясында артық өндіру;
- ә) қаржы секторының өнеркәсіпке қаржы жұмсауға қабілетсіздігі;
- б) инфляцияның жоғары деңгейі;
- в) қаржы секторының халыққа емес, ірі бизнеске қызмет көрсету айналасында шоғырлануы;
- г) қаржы капиталының шетелге «қашуы».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>