Машиналық-бағдарланған тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Машиналық-бағдарланған тіл (машинно-ориентированный язык; machine-oriented language) — мәліметтер түрі мен алгоритмдік құрылымы белгілі бір есептеу машинасының немесе компьютер тобының құрылымын қамтып көрсететін, сонымен қатар, программалау процесін жеңілдететін және автоматтандыратын бірқатар сипаттамалары бар программалау тілі. Тиімділігі жағынан машина командаларында жазылған программалардан кем түспейтін программалар жазуға мүмкіндік береді. Көбіне жүйелік программалауда қолданылады. Машиналық-бағдарланған тіл арнаулы және әмбебап болып екіге бөлінеді. Машиналық-бағдарланған тіл арнаулы тілдерге мнемокодтарға автокодтар жатады. Жалпы бұл екеуін біріктіріп ассемблер тілі деп атайды. Машиналық-бағдарланған әмбебап тілдердің мысалы ретінде ALMO, UNCOL, СИ тілдерін келтіруге болады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}